Қайрат Боранбаев құны 35,4 млрд теңге болатын «Қаражанбас Северный» кен орнын мемлекетке тапсырды
Қаз. 19, 2023, 9:23 Т.Қ.
Кен орнында 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газ бар.
Сондай-ақ тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді.
Компанияның нарықтағы құны 14 млрд теңгеге жуық.
Құны 9 млрд теңге болатын «Сервисный Центр КазТурбоРемонт» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты да мемлекет меншігіне өтеді.
Кәсіпорын жұмысшыларының саны 740 адамды құрайды.