Қаңтар қақтығысынан зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы алды

Сәуір 19, 2022, 6:55 Т.Қ.

Бүгін ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес нысандарының нақты санын атап, мемлекет тарапынан бөлінген қаражатты айтты.

“Бүгінгі күні қаңтар оқиғаларының нәтижесінде алдын ала деректер бойынша 1 630 ШОК субъектісі зардап шекті, оларға шамамен 38,6 млрд. теңге сомасына залал келтірілді. Бүгінгі күні 1 491 ШОК субъектісі жалпы сомасы 8,3 млрд теңгеге төлем алды”, — деді министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, қаңтардағы тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субьектілерін қолдау мақсатында бірнеше жедел шара қабылданып отыр.

Теги: