Кәрі құрлықтың алпауыт елдері Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысып жатыр

Шілде 5, 2024, 4:03 Т.Ж.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас қаладағы басқосуға келген Қытай, Ресей, Моңғолия, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстанның президенттерін қарсы алды.

men

Алқалы жиынға бірқатар елдердің үкіметтік делегациялары келді. Сонымен қатар, саммитке ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысуда.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде ұйым келешегінен үлкен үміт күтілетіндігін айтты. Осыған орай Ұйымның халықаралық аренадағы беделі мен ықпалын одан әрі арттыру үшін ШЫҰ тетіктерінің жұмысын жетілдіруге баса мән берілді,” - деді.

Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді қолдауының нәтижесінде Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара, соның ішінде цифрлық даму, туризм, энергетика, бизнес салаларында форумдар және ШЫҰ жастар кеңесі өткенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, ұйымның Шарттық базасы - Есірткіге қарсы стратегия, Экономикалық ынтымақтастық стратегиясын іске асыру жоспары, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісім, Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы және басқа да 60 жаңа құжатпен толықтырылды.

Бүгінгі жиын барысында ШЫҰ саммитінің “Астана декларациясы” қабылданды. Сонымен қатар, 25 негізгі құжатқа қол қойылды.

Қазір “Шанхай ынтымақтастығы +” форматындағы жиын өтіп жатыр. Саммиттің бұл бөлігінде жаһандық өзекті мәселелер көтерілмек. Онда ең алдымен әлемдегі тыныштық пен тұрақтылық, елдер арасында татулықты дәріптеп, әлемді бейбіт өмірге жетелеу. Саяси экономикалық байланыстар да басты назарда. Саммит - ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасқа жаңа леп, жаңа серпін берері сөзсіз.

Теги: