Кашмирде үндістандықтардың оғынан бес адам мерт болды

Мамыр 9, 2025, 6 Т.Қ.

Үндістан мен Пәкістанның қарулы күштерінің демаркация сызығы бойында болған атысының салдарынан Кашмирдің пәкістандық бөлігінде 10 адам зардап шегіп, кемінде 5 адам мерт болды.

Mukhtar Khan / AP

Бұл туралы ресейлік ТАСС Geo TV телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Телеарна таратқан мәліметтерге қарағанда, Пәкістан мен Үндістанның қарулы күштері бақылау сызығының бойындағы бірнеше бекетте түні бойы атысқан. Материалда үндістандықтар тарапынан атылған оқтың азаматтық аудандарға бағытталғаны айтылады.

Бұған дейін Үндістан әскері 9 мамырға қараған түні Пәкістанмен арада көптеген қақтығыстар болғанын хабарлаған еді.

Үндістан армиясының хабарлауынша, Пәкістан республикаға дрондар мен өзге де қаруды қолдана отырып шабуылдаған. Соққылардың беті қайтарылды. Бейресми деректер бойынша, әуе қорғаныс жүйесі 50-ге жуық пәкістандық дронды қағып түсірген.

Теги: