Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!
Наурыз 23, 2023, 4:48 Т.Ж.
Ораза 23 наурыздан 21 сәуірге дейін жалғасады.
Ораза — белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді.
Ораза тұту – мұсылман қауымының бес парызының бірі.
Сәуір айының 17-нен 18-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – Ораза айт мерекесі.
Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен беруге болады.