Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қыр. 8, 2026, 2:26 Т.Ж.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силва мен оның отандастарын ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент Қазақстан Бразилиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің ынтымақтастығы халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды түрде дами түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Бразилия халқына бақ-береке тіледі.

Теги: