Қасым-Жомарт Тоқаев Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Ақп. 24, 2026, 10:57 Т.Қ.
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады . Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент құттықтау жеделхатында Алар Каристің былтыр Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары өзара ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беріп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға ықпал еткеніне тоқталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алар Каристің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас эстон халқына бақ-береке тіледі.
Похожие новости