Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тағайындалған Алматы әкіміне бірқатар міндет жүктеді

Мамыр 27, 2025, 1:30 Т.Ж.

Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда

Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады.

Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.

Теги: