Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барады

Қыр. 19, 2025, 4:14 Т.Қ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді.

Сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр.

Теги: