Қасым-Жомарт Тоқаев алапат өртке байланысты Абай облысына барады

Маусым 10, 2023, 1:58 Т.Ж.

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді.

Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр.

Үкіметке өртті сөндіру, апат ауқымының кеңеюіне жол бермеу және азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыру тапсырылды.

Теги: