Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды
Қаң. 17, 2024, 9:13 Т.Қ.
Президентті Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды.
Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-Министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.