Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапармен барды

Қаз. 16, 2023, 9:18 Т.Қ.

Сапар барысында Президент ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.

Сонымен қатар Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр Әл-Фараби бюстін салтанатты түрде ашады.

Бұдан бөлек, Қытайдың ірі компания басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

Теги: