Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тіл мәселесін көтерді

Қаз. 19, 2022, 5:20 Т.Ж.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы тұрғындарымен кездесуде мемлекеттік тіл мәселесін көтерді.

– Әлем халықтарының жақсы қасиеттерін бойға сіңіріп, озық үрдістерін үйрену үшін тіл білу қажет. Бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп айтқан. Шын мәнінде, жастар неше тіл білсе, алдынан сонша елдің есігі айқара ашылады. Бұл туған еліңнің мүддесіне қызмет ету үшін қажет. Дегенмен ең алдымен, жастарымыз ана тілін – қазақ тілін білуі керек. Ана тіліміз бірінші орында болып, бәріміз үшін негізгі басымдық болуы қажет. Солай болады да деп атап айтқым келеді. Жалпы біз тіліміз дамымай жатыр деген ойдан арылуымыз керек. Тәуелсіздік кезеңінде оның мәртебесі биіктемесе, төмендеген жоқ, – деді Президент.

Сондай-ақ бүгінде көптеген ақпарат құралдары қазақ тілінде хабар таратып, газет-журналдар мен кітаптар шығарылып, қазақша сөйлейтін жастардың көбейіп жатқанын да атап өтті.

Теги: