Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабияның Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен кездесті

Шілде 20, 2023, 3:48 Т.Ж.

Президент Сауд Арабияның Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа ілтипат білдіре отырып, «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысуға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Сауд Арабия Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі негізгі стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, энергетика, «жасыл» энергетика, туризм, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Теги: