Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның мемлекеттік министрі Нусрат Ганиді қабылдады
Қар. 21, 2023, 7:47 Т.Қ.
Президент Ұлыбританияның бизнес және сауда істері жөніндегі мемлекеттік министрі Нусрат Ганиге ілтипат білдіре отырып, Ұлыбритания Қазақстанның негізгі сауда серіктесінің бірі және ел экономикасына инвестиция салу көрсеткіші бойынша жетінші инвестор екенін атап өтті.
Бүгінде Қазақстанда 550-ден астам британдық кәсіпорын жұмыс істеп жатыр, олардың арасында Shell және Ernst & Young сияқты жетекші компаниялар бар.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы былтыр 60 пайызға артып, 1,8 миллиард долларды құрады.
Өз кезегінде Нусрат Гани құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына ризашылығын білдіріп, Ұлыбритания тарапы екіжақты байланыстарды дамытуға баса мән беретінін атап өтті.