Қазақстан ерлер командасы таеквондодан әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Шілде 15, 2026, 2:39 Т.Ж.

Бүгін Оңтүстік Кореяның Чунчон қаласында өтіп жатқан таеквондодан WT командалық әлем кубогының жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Халықаралық таеквондо федерациясы

Ерлер арасында Қазақстан командасы ақтық сынға шығып, шешуші жекпе-жекте Қытаймен күш сынасты. Кездесу 0-2 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Ұлттық команда сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкаримов, Батырхан Кусетов бақ сынады.

Жарыс барысында Қазақстан ширек финалда, Марокконы (2-0), кейін Ресейден (2-1) басым түсті.

Айта кетейік, командалық әлем кубогына 10 мемлекеттен 80 даянг шебері жиналды.

Теги: