Қазақстан футзалдан Өзбекстандағы әлем чемпионатында Ливияны 4:1 есебімен жеңді
Қыр. 19, 2024, 2 Т.Ж.
Кездесудің 15-минутында қазақстандық футзалшы Ақжол Дәрібаев қарсыластар қақпасынан саңылау тауып, құрамасын есепте алға шығарды.
Араға екі минут салып Ливия сапынан Хамис таразы басын теңестірді.
Алайда Қазақстан құрамасының ойыншылары тез жинақталып, әдемі комбинациялық шабуыл ұйымдастырды.
Көп өтпей Біржан Оразов та көзге түсіп, таблодағы есепке өзгеріс енгізді. Ал, 18-минутта Жаһангир 3:1 есебін тіркеді.
Ойынның нүктесін 35-минутта Альберт Ақбалықов қойды.