Қазақстан интернетті жөнсіз өшіретін елдердің үштігіне кірді
Қаң. 25, 2023, 4:33 Т.Ж.
Биыл 23 мемлекетте интернет жиі өшірілген екен. Тіпті ауқымды өшіру тізбегіне Орталық Азиядағы Қырғызстаннан басқа елдің бәрі кірген. Бірақ бұл мемлекетке миллиондаған доллар зиянын тигізетін көрінеді.
Жай ғана өткен 2022 жылдың өзінде Қазақстан ел аумағын интернеттен айырғаны үшін 410,3 миллион доллар жоғалтыпты.
Көш басында Ресей тұр. Көрші ел интернетті өшіргені үшін 21,59 миллиард шығынға батқан. Екінші орында – Иран. Олар 773 миллион доллар жоғалтқан. 23 елдің ішінде Қазақстан үшінші орынға жайғасқан.