Қазақстан мен Болгария президенттерінің қатысуымен бірнеше құжатқа қол қойылды

Маусым 9, 2025, 6 Т.Қ.

Қазақстан мен Болгария президенттерінің кеңейтілген құрамдағы келіссөзінен кейін бірнеше құжатқа қойылды.

Ақорда

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен мынадай құжаттарды алмасу рәсімі өтті:

1. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Болгария Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Астана мен София қалалары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Шымкент және Пловдив қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Болгария Республикасының Сыртқы істер министрлігі Дипломатия институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

5. «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Болгарияның сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Теги: