Қазақстан мен Чехия арасында өнеркәсіптік ынтымақтастық нығая түседі

Қаң. 23, 2026, 12:17 Т.Ж.

Чехия бизнесі Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерге қызығушылық танытты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

ҚР СІМ

Қазақстанның Чехия Республикасындағы елшісі Қайрат Әбдірахманов «TATRA» және «ZETOR» машина жасау компанияларының, сондай-ақ тау-кен жабдықтарын өндіруші «FERRIT», өнеркәсіптік жабдықтар өндіретін «ZVVZ Engineering» және ыдыстық шыны өндіруге арналған жабдықтар шығаратын «SKLOSTROJ» компанияларының өкілдерімен бірқатар алғашқы кездесу өткізді.

— Кездесулер барысында чехиялық кәсіпкерлер Қазақстандағы серіктестерімен қалыптасқан ынтымақтастықты жоғары бағалап, оның дамуына қанағаттанушылық білдірді. Сондай-ақ олар Қазақстанда инвестициялық ахуалды одан әрі жетілдіруге бағытталған өзекті шаралар туралы ақпарат алды. Аталған реформалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы және басшылығымен іске асырылып жатқан жаңғыртудың жаңа кезеңі шеңберінде жүзеге асырылады, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Қазақ дипломаттарына компаниялар тарапынан іске асырылып жатқан жобалардың қазіргі жай-күйі, бірлескен өндірісті жолға қою және еліміздегі бірқатар өңірлерінде локализациялау перспективалары жөнінде мәлімет ұсынылды. Чех бизнесі ұсынатын заманауи технологиялар өнеркәсіптің түрлі салаларында, оның ішінде тау-кен секторында өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесулер қорытындысы бойынша Чехия өңірлерінде орналасқан аталған компаниялардың өндірістік алаңдарына барып көру, бизнес-форумдар ұйымдастыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері жөнінде тұрақты ақпарат алмасуды қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Теги: