Қазақстан садақ атудан Азия кубогында тағы екі медаль жеңіп алды
Қаз. 29, 2026, 5:04 Т.Қ.
Қазақстан ұлттық құрамасы Ирактың Сүлеймания қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогындағы жарысын жалғастырып жатыр.
Отандастарымыз блоктық садақ атудан алтын және күміс медаль жеңіп алды.
Аралас командалар арасындағы бәсекеде Павел Кузнецов пен Эльмира Раисова топ жарып, алтын жүлдеге қол жеткізді. Финалда қазақстандық спортшылар Бангладеш құрамасынан 153:142 есебімен басым түсті.
Әйелдер құрамасы күміс медаль иеленді. Эльмира Раисова, Милана Бурлева және Аяжан Жақсылық финалға дейін жетіп, шешуші сайыста Бангладеш садақшыларынан 220:230 есебімен жеңіліп қалды.
ҚР ҰОК мәліметінше, бұған дейін ерлер құрамасы жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алған болатын.
Похожие новости