Қазақстан ыдыс-әйнек жуғыш сұйықтықты көбірек өндіре бастады

Қаң. 30, 2024, 3:51 Т.Қ.

2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда жуғыш заттарды өндіру 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,9% өсті. Жоғарыда аталған тауардың 18,3 мың тоннасы өндірілді.

Сондай-ақ, жуғыш заттардың импорты 32,1% өсті.

Мәселен, өткен жылдың 11 айында 162,6 мың тонна өнім импортталды (123,1 мың тонна — 2022 жылғы қаңтар- қараша).

Сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы — 89,9%.

Бұл ретте аталған өнімдердің экспорты 26,2% өсті.

Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 19 мың тонна жуғыш зат экспортталған.

Өткен жылдың 11 айында ішкі нарықта 161,9 мың тонна өнім сатылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 32,1 пайызға артық.

Теги: