Қазақстанда 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар

Ақп. 27, 2024, 3:48 Т.Қ.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай өз құттықтауын жариялады. 

«Бүгін бүкіл әлем Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнін атап өтуде. Қазақстанда үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешу мен азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді серіктесі болып келеді. Мемлекет басшысы ҮЕҰ рөлін ерекше атап көрсеткен. Өздеріңіз білесіздер, олар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен азаматтық қоғамның рөлін күшейтуде маңызды рөл атқарады. Қазір елімізде үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тетіктері қалыптасты. Атап айтсақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және марапаттау. Қазір 23 мыңнан астам ҮЕҰ бар, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді», — деп жазды А. Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар министр қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға түзетулер енгізілгенін еске салды.

«Мемлекеттің дамуының негізгі ресурсы — адами капитал, оның әлеуеті мен дамуы, яғни әлеуметтік капитал. Азаматтарға инвестиция сала отырып, әркім әлеуметтік міндеттерін жүзеге асыруға өз үлесін қосатын күшті және дамыған қоғам қалыптастырамыз.Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен рөл атқаратын азаматтық белсенділерді Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе! Азаматтық қоғам жауапты, берекелі болсын! Еліміздегі азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды және негізгі міндеттерді жүзеге асыруда баршаңызға сәттілік, шығармашылық табыс, және кәсіби белсенділік тілеймін!», — деді Аида Балаева.

Теги: