Қазақстанда АЭС салатын консорциумды құру жұмыстары қай сатыда

Мамыр 20, 2025, 1:17 Т.Ж.

«Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директорының орынбасары Ринат Оқасов Қазақстанда алғашқы АЭС салумен айналысатын консорциум құру жұмыстары қандай сатыға жеткенін мәлім етті.

canva.com

- Концорциум құру деген – күрделі процесс. Өйткені бірден бірнеше шетелдік және халықаралық компаниясы қатысу керек. Біз қазір осы компаниялардың бәрімен келіссөз жүргізіп жатырмыз, - деді Ринат Оқасов деді ол елордада өтіп жатқан семинардың кулуарында.

Сондай-ақ, ол консорциумға мүше болатын компанияларды іріктеу механизмі әлі нақтыланбағанын айтады.

- Механизм әлі белгісіз. Қалай болған да бас мердігер болады деп топшылап отырмыз. Жобамызға қатыса алатын шетелдік компанияларды сол бас мердігермен бірлесіп іріктейміз. Қазір шорт-парақтағы 4 компаниямен де сол қалпы келіссөз жүргізіп отырмыз. Бұл Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Франция компаниялары екенін білесіздер. Консорциум осы компаниялардың қатысуымен құрылады деп топшылаймыз, - деді компания басшысының орынбасары.

Теги: