Қазақстанда қоқыс қалдықтарының небәрі 15 пайызы қайта өңделеді

Ақп. 27, 2024, 1:45 Т.Қ.

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің депутаттары Астана маңындағы Қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу кешеніне барды.

Елімізде қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар, қоқыс полигондарынан шығатын жағымсыз иіс пен бөлінетін улы газ мәселесі әлі күнге дейін өзекті болып отыр.

Бұл мәселе бүгінде Мәжіліс депутаттарының назарында. Депутаттар Астана маңындағы Қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу кешеніне барып, ондағы жағдайды өз көздерімен көріп қайтты. 

«Елімізде қоқыс қалдықтарының небары 15 пайызға қайта өңделіп, қалғаны полигонға жіберіледі», – делінген хабарламада.

Теги: