Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтті — Тоқаев

Қаз. 6, 2022, 2:09 Т.Ж.

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, ондағы жұртшылықпен кездесу өткізіп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында мемлекет елімізде жұмыс істейтін барлық ірі өндіруші компаниялардың қызметін өте жіті бақылап, шетелге капиталды заңсыз шығаруына жол бермейтінін айтты.

Сонымен бірге, президент өндірісті жаңғырту үдерісіне, қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінетініне назар аударды.

Оның айтуынша, салық төлемдері де ерекше бақылауға алынады. Егер ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бұл талаптарды орындамаса, мемлекет серіктестікті тоқтатуға мәжбүр болады.

– Бұл – ешқандай қорқыту емес, керісінше, бүкіл өркениетті әлемде қабылданған қарапайым, адал және әділ жұмыс ережелері. Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтіп, ел азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін кезең жетті. Азаматтарымызға тиімді әрі әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ел экономикасында жетекші орындағы бизнес керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Теги: