Қазақстанда телерадио арналар жұмысы бірнеше сағатқа тоқтатылады
Қар. 18, 2024, 10:23 Т.Қ.
«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогті эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
«Осыған байланысты, биыл 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», — делінген хабарламада.
Похожие новости