Қазақстанда тұрғыларың келсе, тілді үйреніңдер! – Наталья Дементьева
Қыр. 29, 2022, 4:45 Т.Ж.
Тәуелсіздік алғалы 30 жылдан асса да, әлі күнге мемлекеттік тілді меңгере алмай немесе меңгергісі келмей жүрген адамдар баршылық. Көрші елден көш келгелі бұл мәселе көпті алаңдатып отыр.
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Наталья Дементьеваның пікірінше, бұл мәселеге ресейліктердің ықпалы болмауға тиісті.
– Ресейліктерге айтарым, келген жерлеріңізде қонақ екендеріңізді ұмытпаңыздар. Жергілікті халықтың өз дәстүрі, тұрмысы, ішкі жан дүниесі бар, өзінің дүниеге деген көзқарасы бар. Ал біздің елде қалғысы келгендерге айтарым, мемлекеттік тілді үйреніңдер. Егер қазақ жерінде қаламын десе, осыны қаперлерінде ұстасын. Неге десеңіз, тілге құрмет – елге құрмет!, – дейді ол.