«Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылады
Сәуір 12, 2022, 9:09 Т.Қ.
Қазақстан Үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады.
«Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2671481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Инвестиционная компания С.А. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», – делінген қаулы мәтінінденде.
Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413412 жай акциясын республикалық меншікке береді. Осы қаулықол қойылған күннентап қолданысқа енгізіледі.