Кедей халықтан қайыр сұраған Үкімет ұлт ұстазын ұлықтауға қаржы таба алмай отыр

Там. 22, 2022, 4:05 Т.Ж.

Биыл ЮНЕСКО көлемінде атап өткелі жатқан Ахмет атамыздың мерейтойын жаңа Қазақстанның билігі, жетім қыздың тойынан да төмен өткізуде.

Туған жері Ақкөлге дейінгі 110 шм жолдың 20 шм ғана дұрыстады, ал туған үйін керемет етіп саламыз деп бұзып, сапасыз материалдан салып жатқанын көріп халық шулап, Архимедтің көзін шұқыды. Ардақтысын осылай биліктің қор еткеніне намыстанған ауылдағы туыстары мардымсыз зейнетақысы мен шәкіртақысын қосып 10 млн теңгеге кесене тұрғызып, Архимедке құрылысты қалай салу керек екенін көрсеткен соң облыс басшысы ұялғаннан мұражай үйін дұрыстап сала бастады.

Ел шулап, биліктің Ұлт ұстазын, Алаш ардақтысын қорлап жатқанда «ұлт, тіл жанашырымыз» деп, саяси ұпай жинап жүрген мүйіздері қарағайдай ақын-жазушыларымыз бен депутаттар ұлт ұстазының туған жеріне ат ізін де салмады. Ел жаздай келеді деп сарғая күтті.

Өткен апта өз жұмыстарыммен Торғайды аралап, ел жұртпен кездестім. Қыркүйек айының 3-5 аралығында Ақкөл мен Торғайға мемлекеттік хатшы Е.Қарин бастаған шекпенділер келіп, Ақкөлге 30, Торғайға 70 киіз үйді сән-салтанатымен тігіп, ұлан-асыр той болады деп ел дүрлігіп жатыр екен.

Шекпенділерге беретін ас, шапан, тігетін 100 үй, олардың қонатын үйлері, мінетін көліктері сияқты қызметтің шығынын облыс әкімі, тағы да сіңірі шығып отырған ауылдың шаруа қожалықтары, зейнеткерлер мен мұғалімдердің мойнына іліп, соларға міндеттеп қойыпты.
Жыл бойы ат ізін салмаған ақын-жазушы ағаларымыз бен Ақ үйдің маңындағы шенеуніктер мен депутаттар тойға не беттеріңмен келесіңдер, халықтың аузынан жырып жейтін қазы-қарта мен қымыз өңештеріңнен қалай ғана өтеді?! Ұялмайсыңдар ма?

Тігетін 100 киіз үй мен жейтін астарыңа кететін 50 млн теңгені елді қинамай, бюджеттен Торғайға бөлмедіңдер ме?!

Жазда Алматыда өтетін Роза Рымбаеваның концертін өткізуге еш қиналмай 111 млн тг бөлгендеріңде, қазақтың болашағы үшін өмірін қиған, ұлттың сауатын ашқан Ахмет Байтұрсынұлына 50 млн тг бұйырмады ма? Халықтың мұң мұқтажына құлақ асатын, Жаңа Қазақстанымыз осы ма?

Теги: