Киіктің емес, адамның обалына қалмайық – Мәжіліс депутаты

Мамыр 24, 2023, 5:54 Т.Қ.

Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин киіктер санын реттеуді ұсынды.

«Киіктің киесінен қорқып, жануарға жанашырлықпен қарайтын қазақ үшін обал-сауаптың орны ерекше. Алайда бүгінде жағдай мүлде басқаша. Себебі, киік санының күрт көбеюі шаруашылыққа жайлы болып тұрған жоқ. Соңғы мәліміттерге сәйкес, киік саны 2 миллионнан асқан. Оның 90%-ы – Қазақстанның батысында. Салалық министрліктің есебінше, елдегі киіктердің саны 750-770 мыңнан аспауы керек еді. Жайылымдық жерді айтпағанда, шаруалардың егістігін киік таптап өткенде-ақ миллиондаған қаржы желге ұшады. Мысалы, Қазақстанның солтүстігінде жылына шамамен 150 мың гектар егін алқабы бүлінеді. Орта есеппен 1 гектардан 10 центнер өнім зая кетсе, сол өңірдің шаруалары 14 млрд теңге шығынға ұшырайды», — дейді ол.

Теги: