Қытай Орталық Азияның 5 еліне 1,5 млрд юань қайтарымсыз көмек ұсынбақ

Маусым 17, 2025, 6 Т.Қ.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Орталық Азия елдерін «Бір белдеу – бір жол» жобасын әрі қарай да ілгерілете түсуге үндеді.

pixabay.com

- Біз биыл Орталық Азия елдеріне халықтың әл -ауқатын арттырып, бірлесіп дамуға мүмкіндік беретін жобаларды қолдау үшін 1,5 млрд юань мөлшерінде қайтарымсыз көмек көрсетуге дайынбыз, - деді Қытай басшысы Астанадағы саммитте.

ҚХР төрағасы Орталық Азия елдерін «Бір белдеу – бір жол» жобасын әрі қарай да ілгерілете түсуге үндеді.

- Қытай әрдайым Орталық Азия мемлекеттерінің сенімді және ізгі көршісі болып қала береді. Біз Орталық Азия елдерімен тең дәрежеде, шынайы әрі достық ниетпен қарым-қатынас орнатып келеміз және бұл достық әрдайым гүлдене береді.

Бүгін біз мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоямыз. Бұл келісім біздің қарым-қатынасымызды құқықтық тұрғыдан бекітеді. Бұл – алты ел арасындағы қарым-қатынас тарихындағы жаңа белес және Қытайдың көршілес елдермен жүргізіп отырған сыртқы саясатының ірі жетістігі. Мұның игілігін қазіргілер де, келешек ұрпақ та көретіні анық, - деді Си Цзиньпин.

Теги: