Қызылорда облысында игерілмеген ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Наурыз 19, 2026, 7:23 Т.Қ.

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Алматы облысы әкімдігі

Тексеру нәтижесінде Сырдария ауданында шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жалпы аумағы 129 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мақсатты түрде пайдаланылмағаны және игерілмегені анықталды.

Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында жер пайдаланушыға нұсқама берілді. Алайда белгіленген мерзімде нұсқама талаптары орындалмады.

Осыған байланысты департамент Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз жолдады.

Сот шешімімен департаменттің талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылып, жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Теги: