Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Маусым 28, 2022, 9:03 Т.Қ.

Қазақстан үкіметінің қаулысымен «Қостанай» халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.

«Қостанай халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін», – делінген құжатта.

Бұл ұсынысты әуежай қызметкерлері жасаған-ды. Депутаттар оны қолдады. Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1938) – ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

Алаш ардақтысы қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.

Теги: