Күшті жел: Астанада дауылды ескерту жарияланды
Маусым 21, 2025, 10:28 Т.Қ.
21 маусымда елордада қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің мәліметінше, мынадай құбылыстар болады: найзағай, бұршақ, қатты дауыл, желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті сақтық шараларын сақтауды ұсынады. Атап айтқанда, қала тұрғындары мен қонақтарына:
қатты жел мен аптап кезінде орман және дала маңында демалудан бас тарту;
найзағай кезінде ағаш астына тығылмау және көшеде электрониканы пайдаланбау;
ауа райы күрт нашарлаған жағдайда үйде болуға тырысу ұсынылады.
Похожие новости