Қысқы демалыста Түркияға демалуға барған қызылордалық мұғалімдердің басы дауға қалды
Қаң. 16, 2024, 3:33 Т.Қ.
Шетелде демалып жүрген мұғалімдер түнгі клубқа барып, көңіл көтерген.
Мұғалімдердің бұл әрекетін ата-аналар әлеуметтік желі арқылы көріп, олардың мектептен кетуін талап етіпті.
«Екеуі де ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, жас мамандар. Біреуінің «магистр» атағы да бар. Ұстаздардың әрекетін педагогикалық кеңесте талқыладық. Жиналысқа әдейілеп тек әйел мұғалімдерді қатыстыруды жөн көрдім. Жиналыстан кейін ұстаздар өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыздарын жазды. Ол кісілер тек ұстаз ғана емес, сонымен қатар әйел кісілер, бала тәрбиелеп отырған ана. Әріптестеріміздің мұндай әрекетке барғандары өте ұят болды», – дейді Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің директоры Гүлжахан Нарбаева.