Қытай Қазақстанның мемлекеттік құрылыс саласындағы орасан зор жетістіктеріне шын жүректен қуанады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады.
Кездесу барысында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы талқыланды.
«Біз Қытайды өте маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз және барлық саладағы ынтымақтастықта нақты нәтижеге қол жеткізетінімізге үлкен үміт артамыз», – деді Президент.
Дин Сюэсян Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізіп, екі жақты ықпалдастықтың даму қарқынына көңілі толатынын айтты.
«Қытай Қазақстанның мемлекеттік құрылыс саласындағы орасан зор жетістіктеріне шын жүректен қуанады. Қытай-Қазақстан қатынастарының табысты дамуы біздің ортақ мүддемізге толық сай келеді, сондай-ақ өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа ықпал етеді», – деді Қытай Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары.