Лифтінің құлауы кезінде зардап шеккен 2 жұмысшының жағдайы қалай
Қар. 14, 2025, 12:03 Т.Ж.
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы науқастардың бірінің жағдайы орташа ауыр, ал екіншісінікі ауыр деп бағаланып отырғанын мәлім етті.
Төлебаев көшесінде орналасқан үйдің лифтін жөндеу кезінде қайғылы жағдай салдарынан лифт компаниясының бір қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі қызметкер № 1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді.
— Науқастардың бірінің жағдайы орташа ауыр, ал екіншісінікі ауыр деп бағаланып отыр. Бір науқас анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде, ал екіншісі политравма бөлімінде жатыр. Оларға қажет