Лукошенко украиналықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтады

Там. 24, 2022, 4:12 Т.Ж.

Ол украиналықтарға «ашық аспан, толеранттылық, батылдық, күш» тіледі.

Мемлекет басшысының сайтында құттықтау сөздері жарияланды.

Беларусь көрші елмен достық байланыстарды дамыту жағын қолдайтынын білдірді.

– Қазіргі қарама-қайшы ұстанымдарымыз екі ел халықтары арасындағы шынайы тату көршілік қарым-қатынастардың іргетасын бұза алмайтынына сенімдімін. Беларусь барлық деңгейдегі өзара сыйластық байланыстарды сақтау үшін әрекет етуін жалғастырады, – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Украина Президенті Владимир Зеленский «Ресей жақында жойқын шабуыл ұйымдастыруы мүмкін» деп айтқан болатын. Соққылар 23-24 тамыз аралығында жасалуы мүмкін екенін хабарланды.

Ескере кететін жайт, бұл күндері Украинада Ту күні мен Тәуелсіздік Күні атап өтіледі.

Теги: