ІІМ қызметке қабылдау процесіне жасанды интеллектіні енгізіп жатыр
Қаз. 8, 2025, 4:15 Т.Қ.
Министрлікте Trust Education Company компаниясының өкілі, TrustExam.ai инновациялық платформасының әзірлеушісі Нұрәли Сарбақышпен кездесу өтті, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою жөнінде ортақ ниет білдірді.
Ішкі істер министрлігі мен Trust Education Company арасындағы әріптестік кадрларды іріктеу жүйесіне интеллектуалды технологияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынып, процестің ашықтығын, тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.