ІІМ тексерісінен кейін Атыраудағы полиция департаментінде бірнеше басшы қызметінен кетті

Сәуір 14, 2026, 12:58 Т.Ж.

ҚР Ішкі істер минитстрлігі Атырау облыстық полиция департаментіне тексеріс жүргізіп, бірнеше бастықты лауазымынан босатты.

Фото: ҚР ІІМ

Министрліктің баспасөз қызметі берген ресми ақпаратқа сүйенсек, қызметтік-әскери тәртіптің өрескел бұзылуы, тиісті бақылау мен жұмысты ұйымдастырудың жеткіліксіздігі анықталуына байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қалалық Полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ Атырау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Есірткі құқықбұзушылықтарына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары атқарып отырған лауазымдарынан шеттетілді.

— Бұған дейін Ішкі істер министрі бірнеше рет атап өткендей, ведомствода заңдылық пен қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді және алдағы уақытта жалғасын табады. Бұл жұмыс жүйелі әрі дәйекті сипатқа ие, — деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Теги: