Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов хиджаб төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді

Қыр. 13, 2023, 3:33 Т.Қ.

«Ата заңымыз дін бостандығына шектеу қоймайды. Өзінің діни рәсімдерін жасаймын деушілерге кедергі жоқ», — деді ол.

Ерлан Қошанов «домбыраны харам» деп жүргендерге де өз ойын айтты.

«Сонда біздің ғасырлар бойы қолына домбыра ұстаған бабаларымыз күнәһар болғаны ма? Теріс діни ағымда жүрген, заңға қайшы әрекет етіп жүргендерге әрине заң жүзінде тыйым салуымыз керек», — деді Мәжіліс төрағасы.

Теги: