Маңғыстау облысында инватакси қызметінен бұзушылық анықталды

Наурыз 31, 2026, 7:23 Т.Қ.

Маңғыстау облысының прокуратурасы инватакси қызметтерін көрсету кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Астана әкімдігі

Облыс прокуратурасымен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталу заңдылығына талдау жүргізілді.

Талдаумен, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысымен қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын өрескел бұзу фактісі анықталды.

Атап айтқанда, Бөліммен инватакси көлігінің қызметі үшін артық сағаттарды есептей отырып, қызмет көрсетушіге негізсіз ақы төлеген.

Мемлекетке келтірілген 5,3 млн тг залалды қайтару шаралары қабылданды.

Прокуратураның актісімен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімі негізінде Бөлім басшысы қызметке толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Теги: