Мажарстан Қазақстанда АЭС салуға өз технологиясын ұсынды

Ақп. 17, 2025, 6 Т.Қ.

Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Питер Сийярто Қазақстанда атом электр стансасын салу технологиясымен бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Midjourney

- Қазақстан атом электр станцияларын салу туралы шешім қабылдады. Біздің технология мен атом энергетикасы саласындағы тәжірибеміз Қазақстан үшін қолайлы болады деп ойлаймын, - Питер Сийярто Қазақстанға ресми сапары барысында БАҚ өкілдерінің алдында мәлімдеме жасай тұрып.

Сондай-ақ шетелдік мейман тараптар стратегиялық шарт жасасуды жоспарлап отырғанын, оның шеңберінде мажарлық MOL мұнай-газ компаниясы Қазақстандағы жаңа кен орындарын игеру саласындағы жобаларды іске асыруға қатысатынын хабарлады.

- Мажарлық компаниялар ауыл шаруашылығы саласын жаңғыртуда маңызды рөл атқарады және жақын арада құны 25 млн доллар болатын жаңа кәсіпорындар ашады, - деп хабарлады Питер Сийярто.

Айта кетейік, бүгін Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто елордаға ресми сапармен келді.

Теги: