Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Ақп. 23, 2026, 9:54 Т.Қ.
Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.
Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.
Похожие новости