Мемлекет басшысы Алжир Президенті мен отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Шілде 5, 2025, 6:42 Т.Қ.

Мемлекет басшысы Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Алжир мемлекетінің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген серіктестік екі ел халықтарының игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Теги: