Мемлекет басшысы Денис Мантуровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Қар. 11, 2025, 1:35 Т.Ж.

Президент Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда

— Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Денис Мантуровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, — делінген хабарламада.

Теги: