Мемлекет басшысы Нигерия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қаз. 1, 2026, 8:03 Т.Қ.
Қасым-Жомарт ТоқаевНигерияның Тәуелсіздік күніне орай Президент Бола Ахмед Тинубуға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті еліміз Нигерияны Африкадағы сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын, сондай-ақ саяси диалогты нығайтуды және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруды қолдайтынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Нигерия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Похожие новости