Мемлекет басшысы Нигерия Президентін тәуелсіздіктің 65 жылдығымен құттықтады

Қаз. 1, 2025, 11:21 Т.Қ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бола Ахмед Тинубуды Нигерия Федеративтік Республикасы Тәуелсіздігінің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда

Президент жеделхатында Қазақстан мен Нигерия арасындағы қарым-қатынастың достық сипатқа ие екенін атап өтіп, қос халықтың игілігі жолында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзірлігін растады.

Теги: