Мемлекет басшысы Португалия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Маусым 11, 2025, 1:43 Т.Ж.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда

Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген байланыстың жетістікке толы боларына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас португал халқына құт-береке тіледі.

Теги: